2019 жылдың 25 қазанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ» МКК (бұдан әрі-Кәсіпорынның) орталық станциясында "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру" мемлекеттің бағдарламасын 2020 жылға орындау мақсатында және көлік қызметкерлері күніне орай Жедел медициналық жәрдем шығу бригадаларының автокөлік жүргізушілер арасында ұйымдастырылған "ҮЗДІК ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ АВТОКӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ" атты кәсіби шеберлік байқау Әдістемелік-ұйымдастырушы бөлімінің басшысы Шалов Еділ Дүйсенбекұлының және Кәсіподақ ұйымының төрайымы Абуова Раиса Қайырбекқызының басшылығымен ұйымдастырылды. Байқауды бас дәрігердің міндетін атқарушы Баянбаев Арман Сейітқанұлы салтанатты түрде ашты.
Байқау 5 турдан өтті. I тур- жоғары жылдамдықтағы маневр жасау, авотұраққа көлік қою техникасы артқы жүріспен қозғалыс бойынша тапсырманы уақытқа орындауда және II тур-уақытында автомобиль дөңгелегін ауыстыру; III тур-Жол қозғалысының ережелері туралы білімдерін тексеруге Жол полиция басқармасынан майор Қордабаев Марат Ерғазыұлы, аға лейтенант полициясы Гафиз Сүгірәлиев Бейбітұлы, аға лейтенант полициясы Балтабаев Самат және Ішкі істер Департамент полициясының корреспонденттері қатысты. IV тур-қала бойынша топографиялық білімді бағалау;V тур - теориялық білімді бағалау, яғни жедел медициналық жәрдем көрсетудің практикалық дағдысы (жүрек-өкпе реанимациясы) – манекенде көрсету, құрал-жабдықтарға түсініктеме беру, құралдарды пайдалану техникасын көрсету. Байқауға Сергеев Андрей, Нурбаев Алижан, Конакбаев Бакытжан, Мустафин Ануар, Көксеген Еркін, Капаров Гомар, Әлмағанбетов Сәтбек, Есенов Ерлан атты автокөлік жүргізушілер қатысты. Қосалқы станция меңгерушілері және аға фельдшерлер өздерінің үміткерлеріне қолдау көрсету тобымен қамтамасыз етті. Байқауда автокөлік жүргізушілер берілген тапсырманы орындауда кәсіптік мол тәжірбиелерін, жол ережесін сақтай отырып сауатты іс-қимылмен жылдамдықтарын, жұмысқа деген жауапкершіліктерін көрсетті.Байқаудың қорытындысы бойынша І орынды «Сарыарқа» қосалқы станциясының автокөлік жүргізушісі Әлмағанбетов Сәтбек, ІІ орынды «Сарыарқа» қосалқы станциясының автокөлік жүргізушісі Көксеген Еркін, ІІІ орынды «Байқоңыр» қосалқы станциясының автокөлік жүргізушісі Сергеев Андрей жеңіп алды. «Ең жылдам автокөлікші», «Құтқарушы автокөлікші», «Қауіпсіздік ережесін ең үздік орындаушы» номинациясын жеңіп алған жеңімпаздарға және белсене қатысқандарға ақшалай сыйлық тапсырылды. Марапаттау салтанат кешінен кейін, мерекелік дастархан жайылды.
Елмен елді жалғастырып, алысты жақын етіп, берекелі бірлікке ұластырып отырған көлік саласындағы қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!!! Өмірлеріңіз тек кедергісіз, қиындықсыз тегіс жолмен әрқашан бағдаршамның жасыл жарығы жарқырасын, тежегіштеріңіз сәтсіздікке жол бермесін!!!