Версия для слабовидящих
Обычная версия
x
+
-
Вкл/Выкл
Скрыть/Показать
Вкл/Выкл
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК
Астана қаласы,
Т. Рысқұлов көшесі, 8/1

Бірыңғай Call-орталығы:

iKOMEK109

Единый Сall-центр службы 103

Жұмыс уақыты

ТӘУЛІК БОЙЫ


Вакцинация - бұл Сіздің балаңызды дерттен сақтану құқығы!

МӘМС

(Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру)

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Сайтқа көшу
Астана қаласының әкімдігі
Астана қаласының әкімдігі
Сайтқа көшу
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Сайтқа көшу

Жаңалықтар

Баспалдақпен пациент тасымалдаушы кресло
18.04.2024
Баспалдақпен пациент тасымалдаушы кресло
« SPENCER 4BELL SILVER+ баспалдақпен көтеруге арналған пациент тасымалдаушы кресло»
Толығырақ
Бір рет басу арқылы сенімділік пен қауіпсіздік: жедел қызметтерге жылдам қоңырау шалу үшін дабыл түймесі
17.04.2024
Бір рет басу арқылы сенімділік пен қауіпсіздік: жедел қызметтерге жылдам қоңырау шалу үшін дабыл түймесі
Қуанышты жаңалықпен бөлісуге асығамыз!
«Астана Innovations»АҚ-мен бірлесіп әзірленген пилоттық жоба аясында қаланың төрт мектебінде (№ 59, 60, 71, 74) жедел медициналық жәрдем, полиция және төтенше жағдайлар қызметтерін жедел шақыру үшін дабыл түймелері орнатылды.
Толығырақ
Алғашқы көмек көрсету жайлы сұхбат
15.04.2024
Алғашқы көмек көрсету жайлы сұхбат
Симуляциялық оқыту орталығы басшысы - Шынтас Қасым Мәлікұлы 24.KZ арнасына алғашқы көмек көрсету жайлы сұхбат берді.
Толығырақ

Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» 

ШЖҚ МКК директоры вакантты лауазымына конкурс

 

       Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруалық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның Байқау кеңесі (бұдан әрі – Байқау кеңесі) Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруа жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның вакантты директор бос лауазымына конкурс жарияланды.

        Конкурсты жүргізу күні мен орны: 2024 жылдың 14 наурыздан бастап 29 наурызға дейін (қоса алғанда) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын). Кәсіпорынның орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефондары және электрондық поштасының мекенжайы: Z05T0C4 (010000), Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Тұрар Рысқұлов көшесі, 8/1 үй. тел.: 8 (7172) 70-11-81, е-mail: skoray_astana@med.mail.kz

        Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Кәсіпорын қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады. Кәсіпорын қызметінің мақсаты сапалы, қауіпсіз, уақытылы жедел медициналық көмек көрсету, білікті көмек, дәрігерге дейінгі көмек, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету болып табылады.

        Қойылған мақсатты іске асыру үшін Кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) диагностика және емдеу хаттамаларына сәйкес тәулік бойы жедел медициналық көмек көрсету;

2) төтенше жағдайлардың салдарларын жоюға сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылға қатысу;

3) медициналық қамтамасыз ету, оның ішінде ақылы негізде мәдени-бұқаралық, қоғамдық және спорттық іс-шаралар;

4) дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету жөніндегі мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру.

        Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:

        Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқару шешімдеріне, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.

        Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдік және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

        Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.

        Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерін және оған бағынысты тұлғаларды болдырмау бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

        Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамашылығын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді.      

        Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерттеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.

        Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне, санитарлық ережелер мен нормалардың және гигиеналық нормативтердің сақталуына жедел және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады.

        Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде медициналық этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

        Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасады, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

      Мемлекеттік органдарда, ұйымдар мен соттарда ұйымның атынан өкілдік етеді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібінің, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалану талаптарының орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздіктің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есеп беруін қамтамасыз етеді.

        Тиісті фармацевтикалық практика стандарттарына сәйкес фармацевтикалық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету процесін ұйымдастырады және бақылайды.

        Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат);

        не «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, не «Денсаулық сақтау», не «Бизнес және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім, не ЕМВА немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;

        не «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;

        денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;

        басшылық қызметтегі еңбек тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

        Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Кодексі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Заңы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы«Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);

        қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;

        денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;

        басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;

        медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын;

        денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды басқарудағы үздік практикалар;

        халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемдер мен көрсеткіштерді;

        отандық медицинаның қазіргі заманғы ғылыми жетістіктері, денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;

        еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларды;

        төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру.

        Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні: құжаттар 2024 жылғы 14 наурыздан бастап 29 наурызды қоса алғанда қабылданады.

        Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: конкурсқа қатысу туралы өтініш, еркін нысанда жазылған өмірбаян, білімі туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының көшірмесі (ол болған жағдайда) немесе еңбек шартын, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзіндіні не басқа құжатты, жұмыс өтілін растайтын 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама, «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттаманың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы, 3х4 (2 дана), адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер.

        Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қабылдау аяқталатын күнге дейін хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде Кәсіпорынға ұсынады.

        Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

        Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.

          Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі бекітілгеннен кейін байқау кеңесі оларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізеді. Әрбір үміткермен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркеледі.

        Әңгімелесу мынадай кезеңдерден тұрады:

        1) Кәсіпорын дамуының тұсаукесері;

        2) кандидаттың құзыретін бағалау.

        Кәсіпорын дамуының тұсаукесері кезінде кандидат Кәсіпорынның негізгі проблемаларының талдауын және оларды шешу бойынша ұсынылатын шараларды ұсынады.

        Құзыреттілікті бағалау кезінде денсаулық сақтау саласының негізгі нормативтік құқықтық актілері, мемлекеттік бағдарламалары, денсаулық сақтау саласының өзекті проблемалары және оларды шешу үшін қабылданатын шаралар туралы білім деңгейі айқындалады.



Әңгімелесу өткізу кестесі

Әңгімелесуге конкурсқа жіберу туралы шешім



                      ХАБАРЛАНДЫРУ

Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ РМК бос орынның болуына байланысты ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ лауазымына арнаулы білімі және 3 жылдық еңбек өтілімен үміткерлерді жұмысқа шақырамыз.

Бос орындарға үміткерлерді таңдауға қатысу үшін сізбен бірге болуы керек құжаттар:

1) Байланыс ақпаратымен түйіндеме.

 Жоғарыда көрсетілген құжаттар болған жағдайда үміткер түйіндемесін skoray_astana@mail.ru  электронды поштасына жіберіңіз немесе Астана қ., көш. Рысқұлова 8/1, кеңсеге әкеліңіз. Қосымша ақпарат бойынша тел: 8 (7172) 70-56-99, 8 (7172) 70-11-81.


                                                                                     ХАБАРЛАНДЫРУ


Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ РМК бос орынның болуына байланысты АҒА ЭКОНОМИСТ лауазымына арнаулы білімі және 3 жылдық еңбек өтілі бар үміткерлерді жұмысқа шақырамыз.

Бос орындарға үміткерлерді таңдауға қатысу үшін сізбен бірге болуы керек құжаттар:

1) Байланыс ақпаратымен түйіндеме.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар болған жағдайда үміткер түйіндемесін skoray_astana@mail.ru  электронды поштасына жіберіңіз немесе Астана қ., көш. Рысқұлова 8/1, кеңсеге әкеліңіз. Қосымша ақпарат бойынша тел: 8 (7172) 70-56-99, 8 (7172) 70-11-81.

р/с

    Лауазымы
                                Білімі
Қажетті кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, және т.б.)
Бірлік
 1.
Шығу бригаданың дәрігері
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты «Жедел және шұғыл медициналық көмек»
Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес медицина саласындағы еңбек өтіліне немесе жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды
   
    2. Шығу бригаданың фельдшері «Емдеу ісі» немесе «Акушерлік іс» мамандығы бойынша кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімі немесе «Емдеу ісі» мамандығы бойынша біліктілігін арттыру және маман сертификатының болуы Шұғыл жағдайларда, өмірге қауіп төндіретін ауру кезінде медициналық көмек көрсету бойынша даярлықтан өткен, реанимация әдістерін меңгерген, еңбек өтіліне талаптар қойылмайды  
    3. Шығу бригаданың жүргізушісі Жоғары кәсіптік білім немесе орта-арнайы білім, автомобильді басқару құқығы, 1,2 сыныптылықтың болуы Автокөлік жүргізушісінің еңбек өтілі 3 жылдан кем емес