Бірыңғай Call-орталығы: iKOMEK109
|
Вакцинация - бұл Сіздің балаңызды дерттен сақтану құқығы!
МӘМС(Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) |
Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының ресми сайт парақшасында Сіздермен қауышқанымызға біз қуаныштымыз!
Сайтымыздың көмегімен Сіздерге жақындай түсеміз деп, жедел медициналық қызметтер көрсету мәселелерінде Сіздермен өзара түсіністік таба отырып, кері байланыс орнатамыз деп сенеміз.
Сіздердің кез-келген өтініштеріңіз назарымыздан тыс қалмайды, Сіздердің ұсыныстарыңыз,ескертпелеріңіз қатерімізге алынады және жедел медициналық қызметті ұйымдастыруды жетілдіруде көмегін тигізеді.
Баршаңызға денсаулық тілеймін!
БЕРКІНҒАЛИ Нұрданат - Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК директоры
БЕРКІНҒАЛИ Нұрданат – 1977 жылы 28 наурызда Жетісу ауданыңда дүниеге келген.
2000 – 2008 жылы - Алматы мемлекеттік медицина институты «Hannover Medical School» оториноларингология мамандығы бойынша бітірді.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ:
05.11.1999 – 30.08.2001 - "Жедел медициналық жәрдем станциясы" МКҚК - фельдшер, Алматы қаласы.
25.03.2002 – 10.03.2005 - А. Н. Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығы. - №5 хирургиялық бөлімшесінің оториноларинголог-дәрігері, Алматы қаласы.
01.04.2005 – 05.11.2008- Ганновер жоғары медициналық мектебі - докторантура, Германия.
18.03.2009 – 02.07.2009 - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшысы, Астана қаласы.
01.12.2009 – 19.07.2010 - ҚР ДСМ Адами ресурстарды басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы.
25.09.2010 – 29.05.2014 - "Қарақас" ЖШС Бас директоры, Алматы қаласы.
20.01.2015 – 05.05.2017 – «Медицина» ЖШС директоры, Астана қаласы.
01.06.2017 – 06.12.2018 - БҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, Орал қаласы.
07.12.2018 – 05.01.2020 - БҚОДденсаулық сақтау басқармасының басшысы, Орал қаласы.
30.03.2020 – 25.05.2020 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті директоры орынбасарының міндетін атқарушы, Нұр-Сұлтан қаласы.
26.05.2020 – 18.06.2020 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы.
19.06.2020 – 07.07.2020 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры, Нұр-сұлтан қаласы.
22.09.2021 – 24.06.2024 Астана қаласы әкімдігінің «Достық» алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның директоры.
24.07.2024ж. – Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК директорының міндетін атқарушы.