Версия для слабовидящих
Обычная версия
x
+
-
Вкл/Выкл
Скрыть/Показать
Вкл/Выкл
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК
Астана қаласы,
Т. Рысқұлов көшесі, 8/1

Бірыңғай Call-орталығы:

iKOMEK109

Единый Сall-центр службы 103

Жұмыс уақыты

ТӘУЛІК БОЙЫ


Вакцинация - бұл Сіздің балаңызды дерттен сақтану құқығы!

МӘМС

(Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру)

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Сайтқа көшу
Астана қаласының әкімдігі
Астана қаласының әкімдігі
Сайтқа көшу
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Сайтқа көшу

Директор
блогы



Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК Директоры
Директорге жазу
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Сайтқа көшу
27.12.2024

«Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» санитарлық көліктері жаңартылды

Жедел жәрдем қызметкерлері тұрғындарымызға алғаш болып медициналық көмек көрсетеді. Олардың жұмысы өте ауыр әрі жауапты. Дегенмен, тұрғындар тарапынан жедел медициналық жәрдем станциясының жұмысына, әсіресе станцияның автопаркіне негізделген шағымдар түседі.

Мәселен, жедел жәрдем станциясының автопаркі 146 автокөліктен тұрады. Олардың бір бөлігі жөндеуді қажет етеді.

✅Биыл автокөлік санын арттыру үшін 47 жедел жәрдем машинасы сатып алынды. Олардың 27-сі қазірдің өзінде жеткізілді, тиісінше шақыртуларға шығуға дайын. Қалған бөлігі алдағы аптада жеткізіледі. Көліктердің бәрі шақыртуларға жылдам әрі тиімді көмек көрсететін заманауи жабдықтармен жабдықталған. Сол сияқты жақын арада қолда бар 20 көлік те жөндеуден өтеді.

✔️Соңғы жылдары жедел жәрдем паркі 90 автокөлікпен жаңартылды. Арнайы техниканы жаңарту жұмысын келесі жылы да жалғастырамыз.

Мемлекет басшысы денсаулық сақтау жүйесін дамыту, дәрігерлерге жан-жақты қолдау көрсету мемлекеттің басым міндеттерінің бірі екенін ерекше атап өтті. Біз медицина қызметкерлері мен науқастарға қолайлы жағдай жасау бойынша жұмысты жалғастырамыз. Алдағы жылдары Астанада бірқатар денсаулық сақтау нысанын, оның ішінде перинаталдық орталықтар, емханалар, көпбейінді ауруханалар, олардың бірі – балалар ауруханаларын салуды жоспарлап отырмыз.

Тізімге қайта оралу